SIGMA SOLUTIONS ҰЖЫМЫ COMPEX FOUNDATION КУРСЫН CӘТТІ ӨТТІ!

05.08.2021

Алдыңғы қатарлы компанияның орнын айқындайтын оның жан-жақты дамығандығы. Жетілген қызметкерлерге сәйкес компания дамиды, оның соңынан өндірістің сапасы мен қызмет көрсету деңгейі артады.

Біз Сізге қызметкерлеріміздің Horizon @horizon_hse компаниясы ұйымдастырған «Compex Foundation» оқу курсын табысты аяқтағандығын қуана хабарлаймыз. СоmpEx – жарылу қаупі бар ортадағы жарылыстан қорғау электроқұрылғыларымен жұмыс істейтін қызметкерлерді оқыту және құзіреттілігін көтеру бағдарламасы.

Оқу барысында біздің қызметкерлер Ех ꞌdꞌ, ꞌnꞌ, ꞌeꞌ, ꞌpꞌ категориялы электр құрылғылары мен Ех ꞌІꞌ жүйесінің құрылғыларын тексеру, қызмет көрсету, орнатудағы нақты білімдері мен біліктіліктерін жетілдірді.

Курсты аяқтаған қызметкерлер табысты аяқтағандығы туралы халықаралық дәрежедегі сертификаттарға ие болды.

Siqma Solutions қашанда, біліктілігі мен құзыреттілігін көтеруге талпынған қызметкерлерінің бастамасын қуана қолдайды.