Sigma Industries өндірістік цехына QazIndustry жанынан ТШО, КПО және НКОК өкілдері келді.

05.11.2021

QazIndustryдің көмегімен 2021 жылдың 29 қазан күні Sigma Industries өндірістік цехына еліміздің ірі мұнай-газ операторларының өкілдері қатысқан сайт-қабылдау өткізілгендігі туралы жаңалықпен асыға бөлісеміз.

ТШО, КПО және НКОК компанияларынан келген қонақтар Sigma Solutions (SIGMA) басқару орнында болып, дөңгелек үстел басында компания қызметімен, өндірісті дамыту жоспарларымен танысты және презентация барысында өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Дөңгелек үстел басында ой бөлісе отырып, SIGMA болашақта операторлардың халықаралық компаниялар тәжірбиесіндегідей жарылыс қорғау құрылғыларына арнайы лот сатып алуға мүмкіндіктері болатындығын айта кетті. Бұл бағыттың стандартизация мүмкіндіктерін шешуде, сондай-ақ құрылғылармен қызмет көрсету процесін жеңілдетуде өзіндік ерекшелігі бар. Осылайша, отандық өнімдерді сатып алуды көбейтуге септігін тигізіп, шығынын 15%-25%-ға қысқартар еді. Ал мемлекет үшін жергілікті мамандарды жұмыспен қамтуға және бюджеттің салығын көбейтуге мүмкіндік туғызады.

Бұл компаниямыздың бірнеше операторлар өкілдерін қабылдаған алғашқы сайт-қабылдау екенін атап өткен жөн.

Кездесу барысында Қазақстан индустрия орталығы мен QazIndustry экспорты бастауымен директор Бауыржан Кален, мұндай ортақ қабылдаулар операторлар мен отандық жеткізушілер арасында ресми және сенімді серіктестік қатынастарды нығайтатындығын атап көрсетті. Сонымен қатар, Бауыржан Кален жергілікті өндірушілердің қосымша қолдау құралы болып табылатын шығындарды қайтару туралы мемлекеттік бағдарламаға тоқталды.

SIGMA Қазақстан бойынша жобаға жергілікті өндірушілердің қатысуын көбейтуге ерекше көңіл бөлгендігі үшін QazIndustryге ризашылығын білдіреді.