Қазақстандағы АЭС: бес елдің ұсыныстары зерттелуде

Time: 04/04/2019

  «Оснований для беспокойства нет»: Минэнерго о возможном строительстве АЭС в Казахстане

"Жүргізілген бағалауға сәйкес, елдің электр қуатының болжамды теңгерімінде 2030 жылға қарай Қазақстанның оңтүстігіндегі базалық қуат 2,7 ГВт-қа дейін тапшылығы күтілуде.

Осыған байланысты еліміздің оңтүстігіндегі тапшылықты бу - газ, гидро - және атом станцияларын салу сияқты түрлі отын түрлері мен энергия көздерін пайдалана отырып, базалық және маневрлік генерацияны енгізу арқылы жабу мүмкіндігі қарастырылуда",-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Мүмкін болатын АЭС-тің экономикалық және техникалық параметрлерін нақтылау және реакторлық технологияны таңдау үшін техникалық-экономикалық негіздеменің маркетингтік бөлімі әзірленді, онда нарықта бар III+ буынды реакторлық технологияларға талдау, сондай-ақ бес елден реакторлық технологияларды жеткізушілермен, оның ішінде Росат мемкомпаниясымен ақпарат алмасу жүргізіледі.

Бұдан басқа, әлеуетті инвесторлар елдің оңтүстік өңірлерінде маневрлік газ генерациясын, сондай-ақ Ертіс өзеніндегі Шүлбі ГЭС-нің контрреттегіштерін және Іле өзеніндегі Қапшағай ГЭС-ін салу нұсқаларын қарастыруда, Шымкент ЖЭО алаңында қуаты 450 МВт болатын жаңа бу-газ электр станциясын салу жөнінде ұсыныстар берді.

"Барлық ұсынылған жобалардың мүмкіндіктері мен әлеуетін мұқият зерделегеннен кейін ғана электр энергиясын өндіру үшін Қазақстан үшін барынша оңтайлы және қолайлы технологиялар анықталатын болады.

Бірақ қуаттардың тапшылығын жабу үшін АЭС таңдаған жағдайда, оның құрылысы бойынша шешім қоғамдық тыңдаулар өткізілгеннен кейін және аумағында АЭС құрылысы жоспарланған жергілікті атқарушы органдармен келісілгеннен кейін қабылданады", - деп түсіндірді ЭМ баспасөз қызметінде.