КПО ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАМТЫМ ЖӨНІНДЕГІ «ҚАРАШЫҒАНАҚТЫ КЕҢЕЙТУ ЖОБАСЫ — І КЕЗЕҢ» ФОРУМЫН ӨТКІЗДІ

Time: 10/07/2017

«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В» (КПО) компаниясы қазақстандық қамтым жөніндегі «Қарашығанақты кеңейту жобасы —1 кезең»  («ҚКЖ-1») форумын өткізді.

Форум жұмысына ҚР энергетика министрлігінің, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, ҚР Машина жасаушылар мен сервистік компаниялар одағының өкілдері, Батыс Қазақстан облысының басшылығы, KAZENERGY қауымдастығының, «NADLoC» агенттігінің, Өкілетті орган — «PSA» ЖШС, ҚПО бойынша серіктес компаниялар өкілдері, сондай-ақ қазақстандық бизнес қоғамдастықтың жүзден астам өкілдері қатысты.

ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин айтқандай, «Қарашығанақ жобасы қазіргі заманғы Қазақстан тарихындағы ең ірі мұнай-газ жобаларының бірі болып табылады. Баршаңызға белгілі болғандай, аса ірі жобалардың бірі – Қарашығанақты кеңейту жобасын іске асыру үшін дайындық жұмыстары басталды. Біз бұл жобаны күрделі кен орны, озық білімдер мен технологиялар еліне трансферт, ҚПО және өңірдің басқа мұнай-газ компанияларының мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін Қазақстанда ілеспе кәсіпорындар желісін құру жағдайында қазақстандық бизнестің жұмыс істеуі үшін бірегей мүмкіндік ретінде қарастырамыз», деді ол.

Өз сөзінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Марат Кәрімов отметил: «басты бағыты индустриалдық-инновациялық даму болатын экономиканың дамуы оның басым салаларының дамуымен тікелей байланысты. Бұл форум ҚПО қазақстандық қамтымын арттыру мүмкіндіктерін талқылау алаңы болып табылады, сондай-ақ барлық қатысушы тараптардың мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді» деп атап көрсетті.

Форумға қатысушыларға сәлемін жеткізе отырып, ҚПО бас директоры Дамиано Ратти былай деді: «ҚПО және Қарашығанақ жобасы бойынша серіктес компаниялар республика үкіметінің өндірісті және сервистік кластерлерді дамыту жөніндегі бастамаларын толығымен қолдайды. Біз Қарашығанақта өндірісті кеңейтудің келесі кезеңі аясында осы саладағы негізгі жобаларды іске асыруға кірісуге ниеттіміз».

«ҚПО жаңа «Қарашығанақ кен орнын кеңейту жоспары — 1 кезең» («ҚКЖ-1») жоспарлап отыр, оны іске асыру Қазақстан Республикасына және ҚПО серіктес компанияларына 2020 жылдан кейінгі кезеңде тұрақтандырылған сұйық көмірсутегілерді өндіруді оңтайландыру жолымен қосымша пайда алуға мүмкіндік береді. Аталған жоба ауқымды инвестициялардың түсуіне, инновациялық технологияларды ендіруге, қосымша жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ қазақстандық компаниялар үшін жаңа елеулі мүмкіндіктер жасауға септігін тигізе алады», — деді ол.

«ҚПО тауарлар мен қызметтердің қазақстандық өндірушілерін біздің өндірістік қызметке қатысуын кеңейткісі келеді. Бұл ретте, біз өз бизнес серіктестеріміздің тізімін кеңейтудің кез келген мүмкіндіктерін құптаймыз, сонымен бірге жаңа өзара тиімді ынтымақтастықты асыға күтеміз», — деп атап көрсетті Дамиано Ратти.

«Мен осы форумның «ҚКЖ-1» жобасымен таныстырудың жақсы платформасы болатынына және халықаралық өнім беруші компанияларға өндірісті орналастыру және Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік қуаттарды ашу мүмкіндіктерін қарастыру үшін, соның ішінде ұзақ мерзімді серіктестік мақсатында мүдделі қазақстандық және батыс компаниялары арасында бірлескен кәсіпорындар құру жолымен түрткі болатынына, сенемін», — деді Дамиано Ратти.

Іс-шара аясында, талқылау және дөңгелек үстел пішімінде ҚПО өкілдері де форумға қатысушылардың «ҚКП-1» жобасының тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге қажеттілігіне қатысты сұрақтарына жауап берді. Одан бөлек, қазақстандық қамтым, келісім-шарттар мен сатып алулар бөліміне жұмысы, өнім берушілер базасында тіркеу рәсімдері, өнім берушілердің алдын ала біліктілігі және ҚПО тендерлік талаптары процесі мәселелері талқыланды.

ҚПО —Қазақстан Республикасындағы қазақстандық қамтымды дамыту бағдарламасын сәтті ендірген алғашқы кәсіпорындардың бірі. Ол Қарашығанақты игеруге үш мыңнан астам қазақстандық кәсіпорынды қатыстыруға мүмкіндік берді, олар бүтіндей алғанда 1998-2013 жылдары ҚПО-дан 4 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға тапсырыстар алды. Өткен жылы ҚПО тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізіп беруге келісім-шарттарындағы қазақстандық қамтымның үлесі 50 пайыздан асты, бұл ақшалай алғанда 461,1 миллион АҚШ долларын құрады.

Дереккөз: http://www.kioge.kz