Н.НАЗАРБАЕВ 10 ЕЛМЕН БІРЖАҚТЫ ВИЗАСЫЗ РЕЖИМ БЕЛГІЛЕНГЕНІ ТУРАЛЫ ЖАРИЯЛАДЫ

Time: 18/11/2017

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27 пленарлық отырысы аясында бүгін Қазақстан мен әлемнің он елінің арасында бизнес байланыстарды күшейту аясында біржақты визасыз режим белгіленгені туралы мәлімдеді.

«Бизнес-байланыстарды күшейту… Халықаралық ынтымақтастықты визасыз кедергілермен қатар қабылдау қажет. Біз бүгін Қазақстанда аса жоғары инвестициялық белсенділік танытқан 10 мемлекеттің азаматтары үшін визасыз режимді біржақты белгілегеніміз туралы жариялаймыз, — деп хабарлады Елбасы.

Бұл елдер тізімінде — АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Корея Республикасы және Жапония.

Еске сала кетейік, Бурабайда Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27 пленарлық отырысы өтуде. Негізгі талқыланатын тақырыптар ҮИИДМБ екінші бесжылдығын іске асыру аясында Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері, сондай-ақ еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсартудың әрі қарайғы шараларын талқылау, инвесторлар құқықтарын қорғау, сондай-ақ индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясында инвестициялау және технологиялар трансферті мәселелері болды.

Шетелдік инвесторларды тарту — еліміздің бүкіл экономикалық саясатының басымдықтарының бірі. Және мемлекет Қазақстанды өңірлік инвестициялық хаб ретінде қалыптастыру үшін жақсы жағдай жасауға ниетті.

Дереккөз : http://www.bnews.kz