Sigma Solutions кешенді жеткізушілер арасында көшбасшы атанды!

26.07.2021

PetroCouncil.kz ақпараттар порталы электрқұрылғыларды жеткізетін Қазақстанның төрт операторының бөлісін айқындайтын электрқұрылғылар туралы айрықша қызықты сараптама дайындады.


Біз Sigma Solutions компаниясының осы бағыттағы 100 жетекші компанияның қатарына енгенімізді, сондай-ақ кешенді электрқұрылғылар жеткізушілердің арасынан 1-орынды иеленгенімізді мақтан етеміз.


Осындай жетістіктерге жетуімізге қолдау көрсеткен барлық серіктестерімізге алғыс білдіреміз. Біз серіктестерімізге жоғары деңгейде қызмет көрсетуді нығайта отырып, болашақта серіктестіктегі жаңа мүмкіндіктер мен сынақтарды күтеміз.


Бұл жетістік бізге қуат берді, біз бұдан да жақсы, бұдан да биік өсуге дайынбыз!