-
LAPP GROUP
1957 жылы Оскар Лапп ÖLFLEX® деп аталған өнеркәсіптік өндірістің әлемдегі тұңғыш бақылау кабелін ойлап тапты және U.I.Lapp KG компаниясын ашты.
Бүгінгі таңда Lapp Kabel өнеркәсіптің түрлі салаларына арналған кабельдер мен сымдар шығарады: машина құрылысы мен жүйелерді жобалау, желдетуді автоматтандыру, желдету және кондиционерлеу, электротехника, өлшеу техникасы және тағы басқалар.
Lapp Kabel өнімі негізінен Lapp Group холдингінің құрамына кіретін жеке зауыттарда шығарылады.
Біздің қоймаларымыздан 40,000-нан астам стандартты өнім шығарамыз. Бұдан басқа, біз кабельдер мен сымдарды клиенттің жеке талаптарына сәйкес жасаймыз.
Бүгінгі таңда Lapp Group холдингі 17 өндіруші кәсіпорынды, 100 ұлттық серіктесті және бүкіл әлем бойынша 40 сауда компаниясын қамтиды.
-
TOP CABLE ELECTRICAL CABLES
Top Cable S.A. – төмен және орта кернеулі электр кабельдерін танылған еуропалық өндірушілердің бірі. Өндіруші өнімнің сапасына кепілдік беретін Еуропалық сертификаттау органдарының қатаң стандарттарынан өтті.
Төмен және орта кернеулі кабельдер.
Top Cable S.A. жалпы қолданыстағы желілер, сондай-ақ өнеркәсіптік объектілер мен инфрақұрылымдар үшін энергияны 30 кВ-ға дейін тарататын орта кернеулі кабельдің толық спектрін өндіреді. Top Cable S.A. орта деңгейлі кернеу кабельдері таратқыш желілер, өнеркәсіптік қондырғылар, электр станциялары және т.б. үшін оқшауланған HEPR немесе XLPE-ден қамтамасыз етеді.
Мыстан немесе алюминийден жасалған, түрлі полимерлер мен қорғаудан тұратын икемді немесе қатты төмен кернеулі кабельдер әрқашан ішкі және сыртқы қондырғыларға қатысты ең қатаң халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылған.
-
PRYSMIAN GROUP
Prysmian Group энегетикалық және телекоммуникациялық кабельдік жүйелер саласындағы әлемдік көшбасшы болып табылады.
140 жылдан астам тәжірибесі, 2017 жылы 7,5 млрд. еуродан асатын сатылымы, 50 елде 21 000 қызметкері және 82 зауыты бар Prysmian өнімдердің, қызметтердің, технологиялардың және ноу-хаудың кең спектрін ұсынады.
Компания жер асты және суасты кабельдерін және электр энергиясын беру және тарату жүйелерін, өнеркәсіптің көптеген салаларында пайдалану үшін арнайы кабельдерді, сондай-ақ құрылыс және инфрақұрылымға арналған орта және төмен кернеулі кабельдерді өндіру спекторында жұмыс істейді.
Телекоммуникация саласы үшін Prysmian кең ауқымды оптикалық талшықтарды, оптикалық және мыс кабельдерді және байланыс жүйелерін ұсынып, дауыс, бейне және деректер беруге арналған кабельдер мен аксессуарларды шығарады.
-
HES KABLO
1974 жылы құрылған HES Hacılar Elektrik Sanayi ve Ticaret A.Ş. (HES), Түркиядағы ең ірі кабель өндірушісі болып табылады және әлемдік нарықта көшбасшылық орынға ие.
40 жылдан астам тәжірибесі бар HES сымды және кабельдік өнеркәсіп саласындағы халықаралық компанияға айналды. Ол мыс телекоммуникациялық кабелін, талшықты-оптикалық кабельді, жоғары вольтты қуатты кабельді, әуедегі электр беріліс желілерін және мыс эмальданған сымдарды шығарады.
Өндіріс жалпы ауданы 120,000 м2 және 250,000 м2 болатын толықтай интеграцияланған қондырғыда, заманауи технологиямен және заманауи машиналар мен әдістерді пайдалана отырып, жоғары сапалы өнімдерді ұсынатын білікті және тәжірибелі қызметкерлердің қадағалауымен жүзеге асырылады .
Барлық өндіріс пен сапаны бақылау үрдістері ISO 9001, ISO 10002, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 27001, ISO 50001 және тиісті халықаралық стандарттардан алынған рәсімдер мен ережелер арқылы жүзеге асырылады.