«КТК-К» АҚ-МЕН 2 ЖЫЛДЫҚ МАСТЕР КЕЛІСІМШАРТЫ ЖАСАЛДЫ

03.04.2017

Ашық конкурстың қорытындысы бойынша «Sigma Solutions» ЖШС Қазақстандағы«Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ-мен электртехникалық жабдықтар мен материалдарды жеткізу туралы ұзақ мерзімді келісімшарт жасасты.

Осы келісімшартшең берінде біздің компания МАС-Атырау, МАС-Теңіз, сондай-ақ келесі 2 жыл ішінде басқа да қоймалық үй-жайлар мен басқа әкімшілік инфрақұрылымдардың қажеттіліктерін дер кезінде қамтамасыз етуге жауап береді.

Әлемдегі жетекші өндіруші компаниялардың қатысуымен ең ірі халықаралық мұнай тасымалдау жобасы болып табылатын Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) сапаға жоғары талап қояды, сондықтан ұзақ мерзімді серіктес-жеткізушілерді қатаң мамандандырылған іріктеуден өткізеді.

Біз бұл келісімшартты іске асыру және мұнайгаз саласында электр жабдықтарын жеткізу желісіндегі біздің позициямызды одан әрі нығайтатын тәжірибеге ие болу мүмкіндігін дәл біздің компаниямыз алғанын мақтан тұтамыз.