15-ШІ «МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ»MIOGE 2018

23.08.2018

Sigma Solutions 2018 жылдың 18-21 маусымы аралығында «Крокус Экспо» ХКО-да (Мәскеу қ.) өткен15-ші «МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» MIOGE 2018 - мұнайгаз жабдықтары мен технологиясының халықаралық көрмесіне қатысты.

Осы деңгейдегі көрмеге қатысу біздің компаниямыздың миссиясына сәйкес келетін мұнайгаз саласы үшін тауарларды сату географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Электр жабдықтарын жеткізудегі ең қарқынды дамып келе жатқан компаниялардың бірі болып табылатын Sigma Solutions компаниясы Ресейде, Орталық және Шығыс Азияда, Таяу Шығыста өзінің қатысуын арттыра отырып, өзінің көшбасшылық позициясын нығайтып келеді. 

Ресейлік және Қазақстандық өкілдіктердің мамандары мұнайгаз саласының клиенттері үшін жаңартылған өнім желісін ұсыну, сондай-ақ ірі өндіруші зауыттармен және Ресей мен ТМД елдерінің әлеуетті клиенттерімен бірқатар серіктестік келіссөздер жүргізу мүмкіндігіне ие болды.