ТЕҢІЗ КЕН ОРНЫН БОЛАШАҚТА КЕҢЕЙТУ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНІМ БЕРУШІЛЕР ФОРУМЫ

02.03.2017

Бүгін  «Теңізшевройл» (ТШО) ТШО Болашақта кеңейту жобасы –Саға қысымын басқару Жобасы (БКЖ-СҚБЖ) жөнінде Тауарлар мен қызметтерді қазақстандық жеткізушілер форумын өткізді, ол Теңіз кен орнындағы өндіруді ірі игерудің келесі кезеңі болады.

Форум жұмысына Премьер-Министрдің орынбасары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө.Исекешев, ҚР Мұнай және газ министрі Ұ.С.Қарабалин, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, ҚР Мұнай және газ министрлігінің, ҚР Экономика және бюджетті жоспардау министрлігінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның өкілдері, қазақстандық салалық қауымдастықтардың, ұлттық агенттіктердің, одақтардың, сондай-ақ отандық және шетелдік компаниялардың өкілдері қатысты.

Форумға қатысушыларға өзінің арнауында Премьер-Министрдің орынбасары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө.Исекешев былай деп атап көрсетті: «Мемлекет басшысының тапсырмасымен мұнайды қайта өңдеу және мұнай өндіру өнеркәсібі үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтердің өндірісі таяу жылдарға арналған индустриалдық дамудың негізгі бағытттары арасында анықталған.

Осы міндетті іске асыру жолдарының бірі Теңіз кен орнын болашақта кеңейту жобасының аясында шетелдік компаниялармен жаңа бірлескен өндірістерді құру болып табылады. Аталған шара жергілікті қамтымды арттырып қана қоймай, сонымен бірге шетелдік капиталдың құйылуын қамтамасыз етеді».

Форумда ҚР Мұнай және газ министрі Ұ.С.Қарабалин өз сөзінде былай деді: «Мемлекет басшысы Қазақстанда іске асырылып жатқан индустриалдық-инновациялық саясатта трансұлттық компанияларды қолдау және белсенді қатыстыру қажеттігін бірнеше мәрте атап көрсетті. Республикадағы аса ірі операторлардың бірі - «Теңізшевройл» ЖШС-нің жобадағы жергілікті бизнесті барынша қатыстыра отырып, өндіруді ұлғайту жөніндегі бастамасы Президент алған қойған міндетпен үндес».

Өз кезегінде, ТШО бас директоры Тим Миллер былай деп көрсетті: «ТШО-ның маңызды мақсаттарының бірі қазақстандық тауарлар мен қызметтерді қызметіміздің барлық бағыттарына пайдалануды ұлғайтуда. Бұл мақсат әркез біздің компаниямыздың басты басымдығы болған және болып қала береді». БКЖ-СҚБЖ іске асыру Теңіз кен орнындағы өндіруді жылына 12 миллион тоннаға ұлғайтуге мүмкіндік береді деп болжамдалады, бұл ТШО-ның жалпы өндіру көлемін жылына 36 миллион тоннаға дейін арттырады.

Болжамдарға қарағанда ТШО БКЖ-СҚБЖ үшін қазақстандық тауарлар мен қызметтерді 7,8 миллиард АҚШ долларына жуық сомаға сатып алады, бұл жобаның жалпы есептік шығындарының шамамен 33% құрайды.

Форумның мақсаты – жергілікті компанияларға БКЖ-СҚБЖ жобалары, сәтті жұмыс істеп жатқан бірлескен кәсіпорындар, және қазақстандық өнім берушілердің жобаға қалай қатыса алатыны туралы хабарлау.

«Теңізшевройл» ЖШС шикі мұнайды, сұйытылған және құрғақ газды, сондай-ақ күкіртті қазуды, өндіруді және өткеруді іске асырады. Барлық жұмыстар қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі әлемдік көрсеткіштерге сәйкес жүргізіледі.

Батыс Қазақстанда орналасқан Теңіз кен орны 1979 жылы ашылған, қазіргі сәтте тереңде орналасқан жұмыс істеп тұрған ең ірі кен орындарының бірі болып табылады. «Теңізшевройл» ЖШС-ін 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» корпорациясы құрған. Қазіргі кезде «Теңізшевройл» ЖШС серіктестері мыналар болып табылады: «Шеврон» корпорациясы — 50%, «ҚазМұнайГаз» – 20%, «ЭксонМобил Қазақстан Инк.» — 25% және «ЛукАрко» — 5%.

Дереккөз: http://www.petroleumjournal.kz