ОҢТҮСТІК КОРЕЯЛЫҚТАР ҚАЗАҚСТАНДА ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫН САЛАДЫ

15.06.2017

Doosan Heavy Industries & Construction (Оңтүстік Корея) компаниясы қазақстандық «Karabatan Utility Solutions» компаниясымен Қазақстанда жылу электр станциясын (ЖЭС) құрылысын салу туралы мәміле жасады. Бұл туралы «Хабар» телеарнасы хабарлады.

Келісім-шарттың құны 340 миллиард вонды (308 миллион долларды) құрайды, деп хабарлайды Оңтүстік Корея компаниясының штаб-пәтерінде. «Мәміленің шарттарына сай, біздің мамандар қуаты 310 мегаваттық тас көмірмен жұмыс істейтін ЖЭС салады», деп мәлімдеді Оңтүстік Корея фирмасының ресми өкілі.

Жылу электр станцияы Атырау облысында Каспий теңізінің солтүстік жағалуында тұрғызылатын болады. Құрылысты 2018 жылдың ақпан айында аяқтау жоспарлануда.

Қазіргі кезде Оңтүстік Корея бизнесі Қазақстанда жалпы сомасы 8 миллиард долларды құрайтын ірі көлемді бірқатар жобаларды іске асыруға қатысуда, деп атап көрсетеді телеарна.

Өткен жылдың жазында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Оңтүстік Кореямен бірлескен инвестициялық қор құру жоспарлары туралы хабарлады, сондай-ақ бүгінде жалпы сомасы 22 миллиард доллардың бірлескен 15 жобасы іске асырылу кезеңінде екенін атап көрсетті. Тағы 8 жоба пысықтау кезеңінде.

Дереккөз: www.tengrinews.kz