SIGMA БОЛАШАҚ ҰРПАҚТЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСУДА!

11.09.2021

Компания баршаңызды күздің басталуымен құттықтап, маусымның жақсы жаңалығымен бөліседі!

Sigma Group компаниясының тобына кіретін Sigma Electrical Export UK (Ноттингем, Ұлыбритания) баға жетпес акция өткізгендігін қуана хабарлайды.

Күздің басталуымен мектептермен қатар балаларды мақсаттарға жетелейтін, өзін-өзі тәрбиелеуді дамытатын түрлі спорттық үйірмелер ашылады.

Өкінішке орай, мұндай үйірмелерге қатысуға барлық баланың мүмкіндігі бола бермейді. Осындай 7-8 жастағы жас футболшылардан тұратын Дербшир футбол командасына спорттық киімдер жиынтығы қажет болды.

Мұны естіген Sigma Electrical Export UK-ның басқарушы директоры Christoper Walters көмек қолын созып, оқушыларға футбол киімдерін сыйға тартты.

Бұл жөнінде Christoper Walters былай деді:
«Жас суретшіге бояу мен қылқалам сыйласаң, оны қанаттандырып, алға жетелейтін ішкі ынтасы оянады. Барлық адаммен осылай болады.
Мәселе сыйлықта немесе оның бағасында емес, одан да маңыздысында. Бұл жай ғана материалды көмек емес, жас футболшыларға деген сенім мен оларды қолдаудың белгісі. Ал балаларда, менің білуімше, ең кішкентай нәрселердің өзі өзін мойындау сезімін оятады...»

Біздің компания жас футболшылардың спортта лайықты нәтижелерге қол жеткізетініне сенімді. Бұл үлкен еңбек пен өзіне деген сенімділіктің нәтижесі болмақ.