«SIGMA SOLUTIONS» ЖШС «АБАЙ КЕШІ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕШІНЕ ҚАТЫСТЫ

31.10.2016

«Sigma Solutions» ЖШС 2016 жылдың 15 қазанында Атырау қаласының Renaissance қонақүй кешенінде өткен«Абай Кеші» (Charity Gala Dinner Abai Keshi) қайырымдылық кешіне қатысты.

Бұл іс-шара, ірі ұйымдарды және жеке кәсіпкерлерді С.Қазыбаев атындағы балалар үйінің тәрбиелен ушілері үшін қаражат жинау мақсатында «Social Trust Foundation» қорымен ұйымдастырылды.

Біздің серіктестігіміз кештің ұйымдастырушыларына және қатысушыларына осы іс-шара үшін алғысын білдіреді. Осы қайырымдылық кешін ұйымдастыруға үлкен үлес қосқаны үшін Zhanagul Kozhanazar-ға ерекше алғыс.

Ізгі істер ешқашан байқалмай қалмайды - олар көмек күтіп тұрғандарға арналған шамдар сияқты жарқырайды. Біз бұл мысал басқа қайырым жасаушылар үшінкөрсеткіш болады деген үміттеміз.Көмектесудің арқасында бізбалаларға материалдық құндылықтарды ғана емес, қуаныш пен көңілді десыйлаймыз.

Sigma Solutions LLP осындай қайырымдылық акцияларына қатысуды және Қазақстан халқының, әсіресе, Атырау облысының әлеуметтік өмірін жақсартуға қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.