ТУҒАН ӨЛКЕГЕ КӨМЕК

21.07.2020

Қиын қыстау кезенде туған өлкең мен оның тұрғындары үшін бірігіп жасаған командалық жұмыстан асқан ынталандыру барма?

Бүгінгі танда біз Атырау өңіріндегі облыстық ауруханадан басқа, компания басшысы Рамазанов Әсеттің  туған өлкесі – Құрманғазы ауданына қарасты провизорлық ауруханаға қолдау көрсеттік.

Sigma Solutions компаниясы және Құрманғазы өңірінің тумасы Джарбасов Нұрасыл Мәскеуден 20 дана кислород концентраттарын жеткізу үшін күш біріктірді. Қәзіргі таңда аудандық ауруханаларға гуманитарлық көмек жеткізу қиынға тускенін ескере отырып, оттегі концентраттарының он данасын, импульстік оксиметрлерді, жеке қорғаныс құралдарын және басқа да маңызды материалдарды Құрманғазы ауданына қарасты провизолық ауруханаға беруді ұйғардық.

Облыстық ауруханаға гуманитарлық көмек көрсету бойынша жасалған барлық жұмыстар барысында біздер бір нәрсеге көзіміз жетті, Ел қуаты – бірлігінде!